11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңы
1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын әзірлейді;
2-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының осы Конституциялық заңда бекітілген ұлттық стандарттарға және олардың бейнелеріне сәйкес келетін эталондарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы