11-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мен халықаралық шарттарын жасасу жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметі шеңберінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру немесе халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы