Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп берудің ерекше тәртібі Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бап. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп берудің ерекше тәртібі Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп берудің ерекше тәртібі Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы   

      1. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген және ол міндеттемелерді қабылдаған кезде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті органның шешімімен конкурс өткізілмей бекітіп беріледі.

      Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері мынадай:

      1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін;

      2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобаларды іске асыру мақсатында бекітіп беріледі.

      2. Уәкілетті орган жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бөлік осы Заңның 23-бабы 4-тармақтағы редакцияда қолданыста болады.

      Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілгеннен кейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері болған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім жіберген кезде мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының болуы;

      2) екінші деңгейдегі банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген қаражаттың болуы;

      3) салықтық берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;

      4) орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (бұрын оларға балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалар үшін).

      5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасасады.

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін осы Заңның 10-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.

      6. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру кезінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына мынадай міндеттемелер жүктеледі:

      1) аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемін сақтау;

      2) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасын сақтау;

      3) қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілерді салу немесе өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаның қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл тармақша осы Заңның 23-бабы 3-тармақтағы редакцияда қолданыста болады.

      4) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақы енгізу.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.

      7. Мынадай жағдайлардың бірі:

      1) жоба құнының осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аз болуы;

      2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 4-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;

      3) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес келмеуі;

      4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      8. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт осы Заңның 10-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда және осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелер орындалмаған кезде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы