⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған н ақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде:

      1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы;

      2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсiндiрмеу, толық немесе дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;

      3) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргiзуiне байланысты;

      4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;

      5) процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы;

      6) белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

      7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.

      2. Қылмыстық процесте нақты деректердiң дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуына жол бермеуді, сондай-ақ оларды шектеп пайдалану мүмкiндiгiн анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот өз бастамасы бойынша немесе тараптың өтiнiшхаты бойынша белгiлейдi. Анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе судья дәлелдемелерге жол бермеу туралы мәселені шеше отырып, әрбір жағдайда жол берілген бұзушылықтың нақты қалай көрініс тапқанын анықтауға және уәжді шешім қабылдауға міндетті.

      3. Егер күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерiнiң хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық iс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негiзiне жатқызуға болмайды. Күдіктінің одан куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ күдіктіні айыптау негiзiне жатқызуға болмайды.

      4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

      5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген бұзушылықтар арқылы алынған нақты деректер тиiстi бұзушылықтар және қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісінің дәлелдемелері ретінде пайдаланылуы мүмкiн.

      Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмысты...

Толық оқу »

128-бап. Ұстап алу негіздері  ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

128-бап. Ұстап алу негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу қылмыстық қудалау орган...

Толық оқу »

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды қыл...

Толық оқу »

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың...

Толық оқу »

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап ал...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановления Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановленияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Право апелляционн...

Толық оқу »

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған ор...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану,...

Толық оқу »

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi...

Толық оқу »

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қатыгез, адамгершілікк...

Толық оқу »