114-бап. Мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Мемлекеттік сараптама ұйымына басшылықты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Кодекстің 104-бабында көзделген мемлекеттік монополияға жататын жобалардың сараптамасын жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік сараптама ұйымы оператор ретінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізуді жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Кодекстің 104-бабында көзделген мемлекеттік монополияға жататын құрылыс жобалары бойынша жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы