Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 114-бап. Салықтық есептілік, салықтық есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

114-бап. Салықтық есептілік, салықтық есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

114-бап. Салықтық есептілік, салықтық есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Салықтық есептілік – салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты. 

     2. Салықтық есептілікке декларациялар, оның ішінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, сондай-ақ салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптар жатады. 

     Декларация – декларацияның өзінен және қосымшалардан, есеп-қисап – есеп-қисаптың өзінен және қосымшалардан тұрады. 

     3. Егер осы Кодекстің 422-бабының 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді: 

     1) бастапқы салықтық есептілік – салық төлеушіні (салық агентін) салықтық тіркеу жүргізілген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттеме, сондай-ақ әлеуметтік міндеттеме алғаш рет пайда болған салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік; 

     2) кезекті салықтық есептілік – бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салықтық кезеңдерге ұсынылатын салықтық есептілік; 

     3) қосымша салықтық есептілік – бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын салықтық есептілік; 

     4) хабарлама бойынша салықтық есептілік – салық органы хабарлама нысанында шешімді жіберген салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік. 

     Хабарлама бойынша бастапқы немесе қосымша салықтық есептілік ұсынылуы мүмкін; 

     5) таратудың салықтық есептілігі – салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылатын салықтық есептілік. 

     4. Мыналарды: 

     1) өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық есептілікті ұсынуы; 

     2) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болмаған кезде – кірістер болып табылмайтын және (немесе) салық салуға жатпайтын кірістерге байланысты төлемдерді көрсетуді көздейтін салықтық есептілікті қоспағанда, салықтық есептілікті; 

     3) декларацияларға және (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде декларацияларға және (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларды ұсыну талап етілмейді. 

     5. Мыналарды:  

     1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде тіркеуі жарамсыз деп танылған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның салықтық есептілікті; 

     2) корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін, таратылған немесе қызметін тоқтатқан салық төлеушімен жасалатын мәмілелер бойынша сомаларды көрсету бөлігінде қосымша салықтық есептілікті ұсынуға тыйым салынады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

114-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

  1. Салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен жіберген, оның салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген әлеуметтік төлемдерді толық есептеу және уақтылы төлеу қажеттігі туралы хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді. 

      2. Хабарлама төменде санамаланған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде:

       1) осы Кодекстің 37-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салықтар сомасы туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

       2) тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 159-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

       3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы – таратудың салықтық тексеруінің актісі салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы – осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы – хабарламаны жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.

       Уәкілетті орган растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қате туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілді деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушінің осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде орындауына жатады.

      6) алып тасталды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) салықтық берешекті өтеу туралы – салықтық берешек түзілген немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;

      8) жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы – салықтық берешек түзілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      9) дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы – өндiрiп алуды қолдануға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

       10) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы – осы Кодекстің 59-бабының 7-тармағында және 66-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      11) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы – шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы – олар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмей;

      13) салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы – салық органдарының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      14) деңгейлес мониторинг шеңберінде шешімнің нәтижелері бойынша шығарылған мониторингтің нәтижелері туралы (бұдан әрі осы Кодекстің мақсаттары үшін – деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарлама) – осындай шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі.

      3. Хабарламада:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы;

      3) салық органының атауы;

      4) хабардар ету күні;

      5) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда – салықтық міндеттеменің және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелердің сомасы;

      6) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салықтық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;

      7) салықтық міндеттемені және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы талап;

      8) хабарлама жіберу үшін негіз;

      9) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.

       4. Салық органдары осы Кодекстің 115-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушіге (салық агентіне) осы баптың 2-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелерін жібереді.

      Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшін салық органдарына жүгінуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ. 

Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы