Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 118-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

118-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

118-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік есептілікті жасайды.

      2. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) мемлекеттік мекемелер жасайтын:

      қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп;

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) туып-өскен жеріне қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы есеп;

      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жасайтын:

      қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп;

      жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің атқарылуы туралы есеп;

      3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік қазынашылық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жасайтын:

      республикалық, тиісті жергілікті бюджеттің, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есеп;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп;

      мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп;

      мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) туып-өскен жеріне қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы есеп.

      3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.

      4. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

      5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға мiндеттi. 

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекітуге жатпайтын мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды. 

      Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 № 225-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы