Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 118-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

118-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

118-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Мердігер (бас мердігер): 

      1) жасалған құрылыс мердігерлігі шарты шеңберінде тапсырыс берушіден жұмыстарды орындау үшін қажетті шарттардың ұсынылуын талап етуге; 

      2) тапсырыс берушіден құрылыс объектісін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге; 

      3) тапсырыс беруші осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарды екі айдың ішінде орындамаған жағдайда құрылыс мердігерлігі шартын бұзуды талап етуге; 

      4) құрылыс мерзімі бір жылдан асатын құрылыс жобасының (жобалау-сметалық құжаттаманың) құрамында алты ай ішінде қаржыландыру болмаған не қаржыландыру құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландырудың графигіне сәйкес келмеген жағдайда құрылыс мердігерлігі шартын бұзуды талап етуге; 

      5) сараптама қорытындылары, бастапқы материалдар негізсіз кері қайтарып алынған және олардың күші жойылған кезде залалды (келтірілген тікелей шығындарды) өтеуді талап етуге; 

      6) мердігерлік жұмыстың тоқтап қалуынан не оның орындалу мерзімін ауыстырудан не мердігерлік жұмыс құнының ұлғаюынан туындаған қосымша шығасыларды қоса алғанда, келтірілген залалдарды өтеуді тапсырыс берушіден талап етуге; 

      7) тапсырыс беруші ұсынған материалдар, жабдық, техникалық құжаттама жарамсыз немесе сапасыз болған, тапсырыс беруші үшін мердігерлік жұмысты орындау тәсілі туралы оның нұсқауларын орындаудың ықтимал қолайсыз салдары, сондай-ақ орындалып жатқан мердігерлік жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп төндіретін не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін, мердігерге (бас мердігерге) байланысты емес өзге де мән-жайлар орын алған жағдайларда құрылыс мердігерлігі шартынан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтірілген залалды өтеуді талап етуге; 

      8) тапсырыс берушіден Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылыс мердігерлігі шартында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде өзіне аванс не кепілақы төлеуді талап етуге; 

      9) қосымша мердігерлік жұмыстар мердігердің (бас мердігердің) кәсіптік қызмет саласына кірмейтін не мердігер (бас мердігер) өзіне байланысты емес себептер бойынша оларды орындай алмайтын жағдайларда мұндай жұмыстарды орындаудан бас тартуға; 

      10) тапсырыс берушіден, егер өзіне байланысты емес себептер бойынша мердігерлік жұмыстардың құны сметадан кемінде он пайызға асып кетсе, сметаны қайта қарауды талап етуге; 

      11) жобалау-сметалық құжаттама мердігердің (бас мердігердің) тапсырысы бойынша жасалған жағдайлардан басқа, тапсырыс берушіден мұндай құжаттамада ақаулардың анықталуына және оларды жоюға байланысты шеккен ақылға қонымды шығыстарын өтеуді талап етуге; 

      12) тапсырыс беруші ұсынған материалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) немесе жабдықты орындалып жатқан мердігерлік жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдаланудың мүмкін еместігі анықталған және тапсырыс беруші мердігердің (бас мердігердің) оларды ауыстыру туралы талабын ақылға қонымды мерзімде орындамаған жағдайларда құрылыс мердігерлігі шартынан бас тартуға және тапсырыс берушіден мердігерлік жұмыстардың орындалған бөлігіне пропорционалды түрде шарттың бағасын төлеуді, сондай-ақ бұл сомамен жабылмаған залалды өтеуді талап етуге; 

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.  

      2. Мердігер (бас мердігер): 

      1) мердігерлік жұмыстарды тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға; 

      2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) жүзеге асыруға; 

      3) құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге; 

      4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға; 

      5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының сұрау салуы бойынша орындалып жатқан (орындалған) мердігерлік жұмыстардың және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге; 

      6) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге; 

      7) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге; 

      8) құрылыс объектісі бойынша жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы не өзге де құжаттарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға танысу үшін ұсынуға;  

      9) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның нұсқамаларын, техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның нұсқауларын орындауға; 

      10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге; 

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы