12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жобалау, салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы
1. Магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісіледі.
2. Алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғының иесі береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты жұмыстарды газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелерінен төлемақы өндіріп алу есебінен газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүргізеді.
6. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын газ жабдығы техникалық регламенттерге және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес орындалуға, сондай-ақ жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілуге тиіс.
7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салуды, жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды жобалауға арналған тапсырма ұлттық оператормен немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарымен уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісілуге тиіс.
8. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салудың, жаңғыртудың және (немесе) реконструкциялаудың техникалық мониторингін ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
9. Салынуы, жаңғыртылуы және (немесе) реконструкциялануы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері пайдалануға берілген күннен бастап бір жыл ішінде ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарына өтеусіз беріледі.
10. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алуға, қазақстандық кадрларды тартуға басымдық беріледі.
11. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мәліметтерді осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы