Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-бап. Уәкілетті органның құзыреті Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті Cот-сараптама қызметі туралы Заңы 

      Уәкілетті органның құзыретіне: 

      1) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      2) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

2-1) қаралып отырған жолданым шеңберінде қажетті ақпаратты алу не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, сот сарапшысының өз міндеттерін адал орындамағанын куәландыратын басқа да ақпарат болған кезде, осындай ақпаратты алу;

3) сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін уәкілетті орган беретін сараптама мамандықтарының тізбесін әзірлеп, бекіту;

      4)  сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      5) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      6) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту; 

      7) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту; 

      8) сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      9) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      10) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      11) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      12) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 

      13) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту; 

      14) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

      15) сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      16) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIII ҚРЗ 

17) сот сарапшысы біліктілігін беру;

      18) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      19) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIII ҚРЗ 

      20) сот сарапшыларын аттестаттау; 

      21) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      22) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      23) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 

      24) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

      25) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру; 

      26) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту; 

      26-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту; 

      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады. 

 

Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау