Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 120-бап. Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

120-бап. Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

120-бап. Құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылыс процесінің тиісті кезеңдерінде осы бапта белгіленген рәсімдер орындалуға және талаптар сақталуға тиіс. 

      Құрылысты қаржыландыру мерзімдері мен сомалары белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген мердігерлік жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мерзімдері мен сомаларына сәйкес келуге тиіс. 

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

      2. Құрылыс объектісін салуды жүзеге асыруға ниеті бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жер учаскесіне тиісті құқығы және бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда құрылыс объектісін салу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді. 

      Құрылыс объектісінде мердігерлік жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жер учаскелерінде ғана жол беріледі. 

      Ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгек құрылысжайларын және (немесе) тіректерді салуға, оның ішінде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған орынды салуға жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарамастан, жер учаскесінің меншік иесімен жасалған жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін жалдау шарты болған кезде жол беріледі. 

      Жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауға, салуға және оларға қызмет көрсетуге, табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілмей рұқсат етіледі. 

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады. 

      Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі. 

      3. астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімнің қолданылу мерзімдері шешім қабылданған күннен бастап құрылыс басталғанға дейін құрылыс жобасын жобалаудың және белгіленген тәртіппен жобаны бекітудің нормативтік ұзақтығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленеді және рұқсат беру құжатында көрсетіледі. 

      4. Жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы оң шешімді алу мүмкін болмаған жағдайларда астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары өтініш берілген кезден бастап он күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниеті қайшы келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәжді бас тартумен жауап қайтаруға міндетті. 

      5. астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі және сәулет-жоспарлау тапсырмасы тапсырыс берушінің белгіленген құрылыс объектісін жобалауға арналған тапсырманы жасауы үшін негіз болып табылады. 

      Жобалауға арналған тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы (құрылыс салушы) жасайды және оны тапсырыс беруші бекітеді. 

      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 

      Жобалауға арналған тапсырма құрылыс объектісінің талап етілетін параметрлерін, бастапқы материалдарды, оның ішінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу және сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталарының мәліметтерін қамтуға тиіс. 

      6. Болжалды құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сұрау салуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кейіннен пайдалануға берілген құрылыс объектісін салу және оның орнықты жұмыс істеуі үшін талап етілетін, сұратылып отырған (есептік) параметрлерде инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды ұсынады. 

      Берілген техникалық шарттар тұтынушының жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы олардың қолданылу кезеңі ішінде инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған жаңа техникалық шарттарға өзгертілуі мүмкін. 

      Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылар берген, инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың құрылыс жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылармен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен қосымша келісуге жатпайды. 

      7. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынушылардың техникалық шарттар берілген кезде инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) тапсырыс берушінің (тұтынушының) қатысуы (үлестік қатысуы) туралы негізсіз талаптар белгілеуіне жол берілмейді. 

      Аталған елді мекеннің немесе құрылыс ауданының инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылымының қазіргі қамтамасыз етілу деңгейі тапсырыс беруші (тұтынушы) сұратқан параметрлерде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, қосылатын абоненттердің қосымша жүктемелерін жабуға арналған инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар туралы мәселелер өнім берушілер (өндірушілер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарттық және қайтарымды негіздерде шешілуге тиіс. 

      8. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімнің не тапсырыс берушінің жер учаскесіне құқығының негізінде тапсырыс берушіге инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттар бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді. 

      Астананың жергілікті атқарушы органы эскиздік жобаны келісу кезінде құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес оның жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасына сәйкестігін тексереді. 

      Инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы шешім қабылданғанға және эскиздік жоба келісілгенге дейін тиісті талдау, оның ішінде осы Кодекстің 146-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, қағидаларды, шектеулерді) бұзудың болмауы тұрғысынан цифрлық жүйелердің мәліметтері бойынша талдау жүргізіледі. 

      9. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшін қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді. 

      Жаңа құрылыс объектісін салу немесе оны реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, реставрациялау) үшін жер учаскесін бөліп беру (телім беру) талап етілмейтін жағдайларда, сондай-ақ егер осы мақсаттар үшін инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық көрсетілетін қызметтер көздеріне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиісті жазба жасалады. 

      10. Жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келісуден, құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан және бекітуден өтеді. 

      Су объектісінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында құрылыс салу үшін әзірленген жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілуге жатады. 

      11. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

      Егер құрылыс-монтаждау жұмыстарын су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында жүргізу жоспарланса, жұмыстарды жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілуге жатады. 

      Бұл ретте энергия беруші ұйымдардың өз желілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етуі талап етілмейді. 

      12. Құрылыс процесі осы Кодекстің 6-тарауының нормаларына сәйкес сәулет-құрылыс бақылауымен және қадағалаумен сүйемелденеді. 

      13. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімдері бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада ескерілген мерзімнен аз болған жағдайларда мердігер (бас мердігер) құрылыс мердігерлігі шартында (сметада) көзделген тұрақты баға бойынша жұмыстарға ақы төлеу құқығын сақтайды. 

      14. Құрылыс объектісі осы Кодекстің 18-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдап алуға жатады. 

      Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың белгіленген тәртіппен бекітілген актісі ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан салынған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады. 

      15. Жаңа құрылыс объектілерін салуға және құрылыс объектілерін өзгертуге қажетті құжаттарды ресімдеу мен берудің тәртібі, мерзімдері құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында белгіленеді. 

      16. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ жабдығының және әуе кемелері ұшуының адамдардың денсаулығы мен жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ықтимал теріс әсерлері ескеріле отырып, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтау үшін әуеайлақ маңы аумағындағы құрылыс Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы