Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 121-бап. Техникалық тапсырыс берушінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі қызметі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

121-бап. Техникалық тапсырыс берушінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі қызметі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

121-бап. Техникалық тапсырыс берушінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі қызметі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Жауапкершiлiктiң бiрiншi және екiншi деңгейiндегi техникалық және технологиялық жағынан күрделi объектiлерде "толық бітіріп берілетін" құрылыс жөнiндегi жобаларды iске асыру үшiн құрылыстың тапсырыс берушісі техникалық тапсырыс берушiнi тартуға құқылы. 

      2. Техникалық тапсырыс беруші мердігер (бас мердігер) үшін тапсырыс беруші болады және ол мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

      құрылыс жобасын іске асыруды жоспарлауға қатысады; 

      инженерлік ізденістер жөніндегі жұмыстарды орындайды; 

      жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді; 

      құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерді (бас мердігерді) айқындайды және құрылыс мердігерлігі шартын жасасады не құрылыс-монтаждау жұмыстарын өз бетінше жүзеге асырады; 

      мердігерлерді (бас мердігерлерді) қажетті бастапқы материалдармен және құжаттамамен қамтамасыз етеді; 

      орындалып жатқан жұмыстардың сапасы мен көлемін, инженерлік-техникалық жұмыскерлердің болуын, жобалау-сметалық құжаттамада көзделген материалдық-техникалық жарақтандырылуын бақылауды жүзеге асырады; 

      орындалған жұмыстарды қабылдайды; 

      атқарушылық-техникалық құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді; 

      құрылыс объектісін пайдалануға беруді қамтамасыз етеді. 

      Техникалық тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру тәртібі мен оған қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

      3. Техникалық тапсырыс беруші өз функцияларын тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы