Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 124-бап. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

124-бап. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

124-бап. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін және сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етудегі меншік иелерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      Меншік иелері құрылыс объектілерін пайдалану кезінде олардың қауіпсіздігін және тиісті сапасын қамтамасыз ететін негізгі сипаттамаларын сақтау мақсатында: 

      1) құрылыс объектісін қалпына келтіру, күшейту, қайта салу, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, түрлендіру, реставрациялау және кейіннен кәдеге жарату, сондай-ақ елді мекеннің сәулеттік келбетін және (немесе) құрылыс объектісінің қала құрылысы аспектілерін өзгерту жөніндегі жұмыстарды рұқсат беру рәсімдерінен өтудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібіне, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес қана жүзеге асыруға; 

      2) пайдаланушылардың (жалдаушылардың, жалға алушылардың) құрылыс объектісін қиратуына және (немесе) бүлдіруіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға; 

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес берілген шешімнің негізінде құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешенін жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы