1125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы