93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Акционерлік қоғам Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары ғылыми ұйым нысанындағы коммерциялық емес ұйым, шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ "Астана Хаб" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы