126-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің нысанасы мен мақсаттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1. Мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды және олар мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) – осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, түрін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
3. Егер осы Заңның 135-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлға басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
4-1. Мемлекеттік заңды тұлға, егер бас қаржылық келісім мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысында (ережесінде) белгіленген оның қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келсе, оның шеңберінде мәмілелер жасасуға құқылы.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Талаптарды есепке жазу және (немесе) бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың бірінші бөлігінің осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
5. Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле:
тиісті саланың уәкілетті органының;
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның;
жергілікті атқарушы органның;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының;
прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы