Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 127-бап. Ақшалай өндіріп алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

127-бап. Ақшалай өндіріп алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

127-бап. Ақшалай өндіріп алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі    

      1. Сот осы Кодексте белгіленген жағдайларда ақшалай өндіріп алуды қолданады.

      2. Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі. Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам жазбаша келісім берген жағдайда сот ұйғарымның қарар бөлігін шығарады, ол оған дереу табыс етіледі.

      Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып, сот отырысында жүргізіледі.

      3. Сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

      4. Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

      5. Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

6. Республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынатын ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады. 

      7. Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам тиісті ұйғарым табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы. 

      Өтінішхат сот отырысында арыз иесін шақырта отырып қаралады. 

      Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы өтінішхатты қарау кезінде сот ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымның орындалуын екі айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуді беруге құқылы. 

      8. Ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту, ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыру, бөліп төлеу туралы өтінішхатты сот өтінішхат сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді. 

      9. Сот актісі немесе осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот талабы орындалмаған кезде сот он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде жаңа ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы