Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 128-бап. Құрылыс объектілерін паспорттау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

128-бап. Құрылыс объектілерін паспорттау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

128-бап. Құрылыс объектілерін паспорттау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерін паспорттаудың орындалуын қамтамасыз етеді. 

      2. Құрылыс объектісін паспорттау сейсмикалық қауіп-қатерлерді, құрылыс объектісінің сейсмикалық төзімділігін және конструкцияларының нақты жай-күйін ескере отырып, оның конструкциялық осалдығын бағалауды орындау үшін қажетті толық ақпарат алу мақсатында алдын ала көзбен шолып зерттеп-қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

      3. Құрылыс объектісін паспорттауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары орындайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы