Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

     1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

      2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу, осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1, 8, 8-1, 9, 11, 12 , 13, 14 және 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесі мен қызмет түрлеріне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Осы Кодексте:

      1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі;

      2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      3) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;

      4) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

      4. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      2) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;

      3) "Ішкі су көлігі туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауға;

      4) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатына;

      5-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға;

      6) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      балық шаруашылығы су айдындарында – балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;

      аңшылық шаруашылығы аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі мен түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын сақтауға;

      7) карантиндік аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі, ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға және қадағалауға;

      8) жолаушылар пойыздарында, оның ішінде жолаушылар пойыздарын қалыптастыру пункттерінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;

      9) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс сауда-саттыққа;

      10) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін, темекі өнімін сатуды, балалар үшін тыйым салынған ақпарат қамтылатын ақпараттық өнімді он сегіз жасқа толмаған адамдарға таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармақты 12) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-1-тармақтың қолданысы 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады – осы Кодекстің 324-бабының 14-1-тармағына сәйкес.

    12) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол бермеуді және Қазақстан Республикасының Су кодексінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында су қорын қорғау және пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      4-1. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2-тармағын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауға және қадағалауға қолданылмайды.

      5. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      6. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау;

      2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаның қолданысы 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады – осы Кодекстің 324-бабының 14-1-тармағына сәйкес.

      4) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік тапсырысты орналастыруға байланысты және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

      7. Осы тараудың күші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.

      7-1. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 136, 143, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші, егер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, осы бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      8. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

      8-1. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 144-4 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы;

      2) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

      9. Осы бапты (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, санитариялық-карантиндік бақылау бөлігінде), осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      10. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      11. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      12. Осы тараудың күші:

      1) прокуратура органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау;

      2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;

      3) сот төрелігі;

      4) жедел-іздестіру қызметі;

      5) қарсы барлау қызметі;

      6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

    8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау;

      9) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

      10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

      13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) ішкі істер органдары:

      Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;

      жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;

      осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;

      2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;

      3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;

      5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

      Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында реттеледі.

      14. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

      15. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 10) және 11) тармақшаларында, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында, 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.

      Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 10) және 11) тармақшаларында, 13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.

      Бақылау және қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды осы баптың 16-тармағында көзделген жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.

      16. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;

      2) мемлекеттік органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

      17. Осы баптың 4, 5, 6, 8-1, 11, 12 , 13, 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.

      Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде регламенттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау регламенттелмеген болса, онда бұл жағдайда мемлекеттік бақылау осы тарауда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.

      18-1. Осы бап шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің 135, 136 және 153-баптарына сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

      Осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген талаптарға қатысты осындай шаралар қолданылуы мүмкін.

      19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 8-1, 9, 11, 12 , 13, 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса (осы баптың 17-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда), мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

      20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.

      21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін және бақылау мақсатында сатып алу мен тергеп-тексеру енгізілген жағдайларда, реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

      22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі  

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы