13-бап. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Мыналарды:
1) аквашаруашылық объектілері үшін азық-жемді өндіруге байланысты қызметті;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер болып табылады.
2. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шарттарда және тәртіппен беріледі.
3. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
2) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген, аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынады;
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат береді;
4) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де деректерді және (немесе) мәліметтерді (ақпаратты) ұсынады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы