13-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін бюджет шығыстарының экономикалық сипаттамалар бойынша топтамасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының өзіндік ерекшеліктерінің құрылымын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен.
13-бап. Бюджет құрылымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
трансферттер түсімі;
2) шығындар;
3) таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы (профициті);
5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы