Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 13-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Кәсіптік біліктілік туралы Заңы

13-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Кәсіптік біліктілік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Кәсіптік біліктілік туралы Заңы 

      Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қызметті жүзеге асыратын Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғам нысанында құрылады. 

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган:

      1) Ұлттық біліктілік жүйесінің әдіснамасын және Ұлттық біліктілік жүйесінің, Ұлттық кәсіптер сыныптауышының базалық құралдарын әзірлеу және жаңартып отыру жөніндегі жоспарларды қалыптастырады;

      2) салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіптік стандарттарға және аккредиттеуге өтініш берушінің құжаттарына сараптама жүргізеді;

      3) Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдауды жүзеге асырады;

      4) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын жүргізу арқылы Ұлттық біліктілік жүйесінің процестерін цифрлық сүйемелдеуді, дамытуды және интеграциялауды жүзеге асырады;

      5) уәкілетті орган айқындаған жұмыс органы ретінде тану орталықтарын аккредиттеу процестерін ұйымдастырушылық және техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      6) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында аккредиттелген тану орталықтарының тізілімін жүргізеді;

      7) тану орталықтарының қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады;

      8) уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      9) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 14-VIII ҚРЗ.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы