13-бап. Мемлекеттік органдардың жасанды интеллект саласындағы құзыреті Жасанды интеллект туралы Заңы
1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) жасанды интеллект саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
5) жасанды интеллект жүйелеріне арналған құжаттаманың тізбесін бекітеді;
6) ақпараттандыру объектілерін жасанды интеллект жүйелеріне жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;
7) орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жасанды интеллектіні ендіру үшін экономиканың басымдық берілетін секторларының тізбесін әзірлейді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторына деректерге қолжетімділік береді;
3) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес дерекнамаларды қалыптастырады;
4) жасанды интеллект моделін, платформалық бағдарламалық өнімді әзірлейді және (немесе) орналастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы