13-бап. Техногендік минералдық түзілімдер, техногендік минералдық түзілімдерге арналған құқықтар Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Тау-кен өндіру, тау-кен-қайта өңдеу және энергетикалық өндірістердің пайдалы құрауыштары және (немесе) пайдалы қазбалары бар қалдықтарының шоғыры техногендік минералдық түзілімдер деп танылады.
Тау-кен өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне жер қойнауынан айырып алу процесінде тау-кен жыныстарынан пайдалы қатты қазбаларды бөліп алу нәтижесінде түзілетін пайдалы қатты қазбаларды өндірудің қалдықтары (аршылым, қоршауыш жыныс, шаңдар, кенеусіз (кондициялы емес) кен) жатады.
Тау-кен-қайта өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне кен байыту өндірістері (байыту қалдықтары мен шламдары) және (немесе) химиялық-металлургиялық өндірістер қызметі (шлактар, кектер, клинкерлер және металлургиялық қайта жасау қалдықтарының басқа да осыған ұқсас түрлері) нәтижесінде түзілетін қайта өңдеу қалдықтары жатады.
Энергетикалық өндірістердің техногендік минералдық түзілімдеріне өндіруші қондырғылармен электрлік және (немесе) жылу энергиясын өндіру кезінде отынның жануы нәтижесінде түзілетін қатты қалдықтар (күлдер, күлшлактар) жатады.
2. Жер қойнауы учаскесі шегінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдер осы учаскеге тиесілі болып табылады.
Пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс орналасқан химиялық-металлургиялық немесе энергетикалық өндірістер қызметі нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдер аталған өндірістерге тиесілі болып табылады. Осындай техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес осы техногендік минералдық түзілімдердің орналасқан полигоны (полигонының бір бөлігі) жабылатын кезге дейін өндірістердің меншік иесінде сақталады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінде осы жер қойнауын пайдаланушының қызметі нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылатын мерзімде сол жер қойнауын пайдаланушыда сақталады.
Техногендік минералдық түзілімдердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың ережелерін ескере отырып, өздеріне пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесіндегі қызмет нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерді иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға құқылы.
Көрсетілген техногендік минералдық түзілімдерді жер қойнауы учаскесінен немесе олар орналасқан полигоннан алып қоймай үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға, осы баптың 2-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығының немесе тиісінше өндіріске меншік құқығының өтуінен басқа жағдайларда, жол берілмейді.
Пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді үшінші тұлғаларға иеліктен шығарған жағдайда, оларды алып қою жер қойнауын пайдалану құқығының қолданылу кезеңінде жүзеге асырылуға тиіс.
4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Техногендік минералдық түзілімдердің ресурстық әлеуетін пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі өндірістердің (тау-кен өндіру, тау-кен байыту, химия-металлургия өндірістері) қызметі нәтижесінде оларды бір объектіде орналастыруға, егер мұндай техногендік минералдық түзілімдердің біртекті физикалық-химиялық қасиеттері болмаса және мұндай орналастыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, тыйым салынады.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін немесе тиісінше полигон (полигонның бір бөлігі) жабылғаннан кейін жер қойнауы учаскесінде қалдырылған техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауы құрамына қосылады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауы құрамына қосылған техногендік минералдық түзілімдерге пайдалы қатты қазбалардың құқықтық режимі қолданылады.
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 337-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау