Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асырылады.

      2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:

      азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды;

      заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың бірде-бірін орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына байланысты және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды.

      3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарсы иммунитеті бар тұлғаларға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы