131-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Осы Заңның нормалары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын барлық банктерге, оның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген нормативтік құқықтық актілердің негiзiнде ерекше тәртiппен құрылған банктерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын алған банктерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы