14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы Әділет органдары туралы Заңы
1. Әдiлет органдары:
1) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты;
3) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
3-1) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді.
2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттiк органға (лауазымды адамға), Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына енгiзiледi.
3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, жеке сот орындаушысы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.
Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.
4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы