Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

14-бап. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) түрлері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар):

      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге;

      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;

      бюджеттік кредиттер беруге;

      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

      күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;

      мемлекет міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) болып бөлінеді.

      2. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларда (кіші бағдарламаларда) олармен байланысты ағымдағы барлық шығыс, оның ішінде зерттеулерге, консалтингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар қамтылады.

      Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

      3. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға):

      1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

      2) мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлеріне төленетін ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

      3) мемлекеттік мекемелерден басқа, заңды тұлғаларға арналған трансферттер;

      4) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

      Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер осы Кодекстің 15-тарауында реттеледі.

      Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне төленетiн ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер – жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі кірісін ұлғайтуға не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе залалдың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 14.07.2025 № 206-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен дербес білім беру ұйымдарына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігіне берілетін нысаналы аударымдар, мемлекеттік мекемелерден басқа, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлғаларға арналған трансферттер болып табылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларға арналған трансферттер түрінде бюджет қаражатын алуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген рәсімдерден өту талап етіледі.

      Заңды тұлғаларға арналған трансферттер оларды алуға үміткер ұйымдардың стратегиялық құжаттарында нәтижелер көрсеткіштері жоспарланған жағдайда бөлінеді.

      Заңды тұлғаларға арналған трансферттер:

      1) бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға бөлінбейді.

      Заңды тұлғаларға арналған трансферттерді аудару тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға арналған трансферттердің пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған трансферттердің пайдаланылу барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына бюджеттен берілетін қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.

      Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

      4. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі (қалпына келтіру) жөндеу жүргізуге бағытталған шығыстар және өзге де күрделі шығыстар жатады.

      Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстар күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша іске асырылады.

      Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

      5. Бюджеттік кредиттер беру, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, мемлекет міндеттемелерін орындау осы Кодекске сәйкес іске асырылады.

      6. Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару деңгейіне қарай:

      1) республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық;

      2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана;

      3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық);

      4) республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала бюджетінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;

      5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

      7. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) іске асыру тәсіліне қарай:

      1) бір әкімші іске асыратын жеке бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар);

      2) бюджетте белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және ағымдағы қаржы жылы ішінде әртүрлі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінуге жататын бөлінетін бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді.

      Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптама құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) және бюджеттік даму бағдарламалары (кіші бағдарламалары) болып бөлінеді.

      Бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларына) бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.

      9. Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар бюджет құрылымы сақтала отырып және көрсетілген шығындар жекелеген кіші бағдарламаларға бөліп шығарыла отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктіріледі.

      Бюджет құрылымының бөлімі шегінде мемлекеттік органның бекітілген даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының мақсатына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарлама болған кезде, осындай мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жаңа бюджеттік бағдарламаны енгізуге жол берілмейді. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін және шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мен республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің шығыстары арасындағы айырмаға тең. 

      Теріс белгімен алынған шама – республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгімен алынғаны республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады. 

      2. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. 

      Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері бекітілмейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады. 

      Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты түсімдерге тәуелділігін төмендету үшін ұзақ мерзімді кезеңдегі мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшері экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы түрде дамыту есебінен азайтылуға тиіс. 

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы