14-бап. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беріледі. Валюталық шартқа қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмір берілген капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша мәліметтер мен есептерді ұсынады.
Резиденттер (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс.
2. Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа қатысушы болып табылатын резидент (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілуі үшін оның тараптарының кез келгені осындай валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін жүгінеді.
Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді резидент орындар алдында мүлік бейрезиденттен резиденттің пайдасына берілсе (ақша түссе), онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін және (немесе) түскен ақша резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарына есепке жатқызылғанға дейін жүзеге асырылады.
Егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде есептік нөмір беруге арналған өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келсе, онда капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру тараптар енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен бірге капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін (егер капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін бейрезидент міндеттемені орындауды бастаса, мүлік резиденттің билік етуіне берілгенге (ақша түскенге) дейін) жүзеге асырылады.
Есептік нөмір берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық бақылау агенттерінің валюталық операцияларды жүргізуі есептік нөмір болған кезде ғана жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттардың және оларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың түпнұсқаларын, сондай-ақ капитал қозғалысы операциясын жүзеге асыруға қатысты және (немесе) ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді танысу үшін сұратуға құқылы.
Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмірді беру резидент талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қатысушылары болып табылатын капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша валюталық операциялар есептік нөмірлер берілмей жүзеге асырылады.
5. Резиденттердің (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлерді алу тәртібі және олардың міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, есептердің нысандарын және банктер мен осындай шарттарға қатысушылар болып табылатын резиденттердің оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақша қозғалысы мен міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тәртібі, талаптар мен өлшемшарттар, оның ішінде олар болған кезде осындай шарттарға есептік нөмірлер берілуге тиіс капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәні және есептік нөмірлер беру рәсімдеріне жатпайтын жағдайлар Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
6. Осы баптың талаптары "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы