Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 14-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымды қарау кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

14-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымды қарау кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымды қарау кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңы 

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шағымды қарау кезінде:

      1) мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдардан және лауазымды адамдардан, соттың іс жүргізуіндегі істер мен материалдарды қоспағанда, шағымды қарау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      2) мемлекеттік ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелеріне қатысты құжаттарына белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;

      3) шағым берушілерді, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, жедел қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыруға;

      4) егер адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жаппай бұзушылық туралы мәліметтер болса не мұндай бұзушылықтың қоғамдық маңызы бар болса немесе бұл өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық құралдарын өзі дербес пайдалана алмайтын адамдардың мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты болса, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты мәселелерді өз бастамасымен қарауға;

      5) мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына және ұйымдарға, лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар мен өтінішхаттар жіберуге құқылы.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 154-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы