14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің әсерін талдау тәртібі Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы
1. Қордың директорлар кеңесі Қордың басқарма төрағасына Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының дамуына әсер етуіне талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізу жөніндегі ревизия тобын құруға не Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.
2. Қордың тобына кіретін ұйымды талдау нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне ұсынылатын актімен ресімделеді.
3. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы.
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы