Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың   және (немесе) байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың   және (немесе) байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың   және (немесе) байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы 

      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың (өз қызметін тұрақты емес немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар олардың тікелей бағынысында бола алмайды, сондай-ақ олар мұндай адамдардың тікелей бағынысында бола алмайды. 

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар жетекшілік ететін және басқаратын мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық және өңірлік даму институттарының, олардың еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар лауазымдарды атқара алмайды. 

      Ескертпелер: 

      1. Осы тармақтың мақсаттары үшін мемлекеттік орган деп дербес заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттік орган түсініледі. 

      2. Осы тармақтың талаптары: 

      1) жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен тікелей бағынысты болмаған кезде ауылдық елді мекендерде, шекара бөлімшелерінде, сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда және өзге де жабық объектілерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға; 

      2) осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бірге жүретін отбасы мүшелерімен тікелей бағынысты болмаған кезде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, бірге жүретін отбасы мүшелерімен бірге қызмет (жұмыс) істеу жағдайына қолданылмайды. 

      3. Мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің дербес құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдарын мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысының не тиісті мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға тағайындау құқығы бар өзге де лауазымды адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар атқара алмайды. 

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс. 

      5. Егер осы баптың 1-тармағында аталған адам мемлекеттік органда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің), меншікті (ішкі) қауіпсіздік қызметінің, ішкі аудит қызметінің немесе мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыратын өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы лауазымын атқарса, онда оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар: 

      1) аталған адамның бақылауындағы мемлекеттік органның көрсетілген аумақтық бөлімшелеріндегі немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардағы дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары; 

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің жұмысына жетекшілік ететін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары; 

      3) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың басшылары лауазымдарын атқара алмайды. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бақылауда болуды болғызбайтын лауазымдарға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе атқаратын лауазымынан өзгедей босатылуға тиіс. 

      6. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында осы Заңның 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында бірге қызмет (жұмыс) істеуді болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы жұмыскерлердің біреуі лауазымнан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс. 

      Ескертпелер: 

      1. Осы бапта тікелей бағынысты деп, егер лауазымдық нұсқаулықта немесе бағынысты адамның лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын өзге де құжатта өзгеше көзделмесе, бір адамның келесі жоғары тұрған лауазымды атқаратын, бағынысты адамға нұсқаулар, тапсырмалар беру жөніндегі, олардың орындалуын бақылау және (немесе) бағынысты адамның қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген басқа адамға тікелей бағынысты болуы түсініледі. 

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бұрынғы жұбайымен (зайыбымен) бірге қызмет (жұмыс) істеуіне осы бапта көзделген шектеулер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы