140-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Әскери-дәрігерлік сараптама - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында азаматтық қорғау органдарында деген сөздермен толықтырылсын медициналық қамтамасыз етуді оңтайлы жасақтау мен жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін білдіретін медициналық қызмет түрі.
2. Әскери-дәрігерлік сараптама Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында:
1) денсаулығының жай-күйі бойынша азаматтардың әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы , азаматтық қорғау органдарындағы қызметке, сондай-ақ әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдардың жиындарына немесе есепке алу мақсатында жарамдылық санаттарын;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы , азаматтық қорғау органдарындағы және әскери жиындардағы, арнаулы мемлекеттік органдардың жиындарындағы қызметті өткерумен (мiндеттердi атқарумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi - мертiгу) және қаза болуының (қайтыс болуының) себептi байланысын;
3) әскери қызметшілер немесе қызметкерлер қызмет, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде алған, мүгедектікке алып келмеген мертігудің ауырлық дәрежесін;
4) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының, олардың қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік авиацияға кіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының, авиация персоналының жеке басының психофизиологиялық қасиеттерін айқындау үшін жүргізіледі.
3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдар және ішкі істер органдары жанынан штаттық және штаттан тыс (тұрақты және уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады.
Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізеді.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары , "азаматтық қорғау органдары" мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиясы жүргізеді.
Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалаларда және аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады.
4. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының құрамы мен өкілеттігі Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде айқындалады.
5. Азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке, әскери қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландыруды жүргізу арқылы айқындалады.
Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ мемлекеттік авиацияда қызмет өткеру үшін азаматтар денсаулығының жай-күйіне қойылатын талаптар қолданылады.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы