142-бап. Мемлекеттік кепілдікті орындау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне, көрсетілген қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстің 154 – 162-баптары қолданылады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат осы Кодекстің 154-бабының 15-тармағына сәйкес белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалған мерзім ішінде республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшін республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебінен мемлекеттік кепілдікті орындау арқылы мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда өтелуіне және қызмет көрсетілуіне шығыстар көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушыларды есепке алуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы