142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер:
1) қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді.
2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтейдi.
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
4. Дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңiлдетiлген жағдайларға ауыстырылады. Бұл ретте ауыстыру дәрежесі бірінші оң мінез-құлыққа ие болған күннен бастап дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде үш айын, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7, 8, 9, 12, 13 және 15-тарауларында көзделген қылмыстар бойынша сотталғандар үшін бір жылын өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
5. Жазасын дағдылы немесе жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін қолданыста екіден көп жазалауы бар сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты айдан кейін жүргiзiледi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылы жағдайынан жеңiлдетiлгеніне қайта ауыстыру осы бапта айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
8. Қауіпсіздігі барынша төмен басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
9. Қауіпсіздігі барынша төмен бір мекемеде сотталған ерлер мен сотталған әйелдер ұсталуы мүмкін.
10. Алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы