Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 144-4-бап. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

144-4-бап. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

144-4-бап. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның жүзеге асырылуы осы бапта айқындалған. 

      2. Тергеп-тексеру мақсаттары: 

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану; 

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау болып табылады. 

      3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болып табылады: 

      1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары; 

      2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуы туралы ақпарат (шұғыл хабархат); 

      3) эпидемияның, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабархат); 

      4) еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығын зақымдау жағдайлары және еңбекке жарамсыздыққа не өлімге алып келген жағдайлар; 

      5) алдындағы мән-жайларын анықтау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе оқыс оқиғалар, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың немесе оқыс оқиғалардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан, технологиялық бұзушылықтан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау;  

      6) нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарды адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретіндей бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижелері. 

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды. 

      5. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. 

      Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мыналарды: 

      1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды; 

      2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдерін және ұзақтығын; 

      3) бақылау мен қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін; 

      4) тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін; 

      5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру шарттары мен тәртібін; 

      6) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс. 

      6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. 

      7. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісін (субъектілерін) айқындайды. 

      Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады. 

      Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды. 

      8. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында бақылаудың осындай нысанын жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі. 

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі  

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы