Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары қолданылып жүзеге асырылады. 

      Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. 

      2. График талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады. 

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік орган бекітеді. 

      График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады. 

      Бақылау және қадағалау органы сол бір бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру графигін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді. 

      3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. 

      Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді. 

      Осы тармақтың ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеруге қолданылмайды. 

      4. Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. 

      Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау мен қадағалау субъектісіне хабар беруге міндетті. 

      5. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады: 

      1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау; 

      2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру бөлігіндегі жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары; 

      4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары; 

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары; 

   5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы; 

      5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;

      6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы); 

      7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы; 

      8) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер. 

      6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді. 

      7. Нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графиктерін тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде және қағаз жеткізгіште сол бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.

      8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу , вегетациялық кезеңде суармалы егіншілік үшін су объектілерінің жойылу және (немесе) ластану, қоқыстану, су ресурстарының сарқылу қатері төнген жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

8-1. Меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, стационарлық үлгідегі интернаттық ұйымдарға, білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға қатысты бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.

      9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектілерде немесе бақылау мен қадағалау субъектілерінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылады. 

      Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден оны жүргізетін жерге дейін бір жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу деп есептеледі. 

      10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I–II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі. 

      11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.  

      12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. 

      13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады. 

    Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы