147-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Осы Кодекстің 76-бабы 4-тармағының, 78-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің, 98-бабының 4-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының және 120-бабының 5-тармағы төртінші бөлігінің қолданысы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ, бөліктер және тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4. Елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталар ескеріледі.";
"5. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және бекіту кезінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталар ескеріледі.";
"1) сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталарына сәйкес осы карталар болған кезде сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылыстан басқа екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер салуды;";
"Жобалауға арналған тапсырма құрылыс объектісінің талап етілетін параметрлерін, өзге де бастапқы деректерді, оның ішінде сейсмикалық шағын аймақтарға бөлудің және сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталары болған кезде осы карталардың мәліметтерін қамтуға тиіс.".
2. Санитариялық-қорғаныш аймағы белгіленбеген, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін тұрғызылған және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлерінің тұруына арналған ғимараттарды елді мекеннің өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтарының аумағында орналастыруға жол беріледі.
4. Сарапшылардың осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған аттестаттары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы күшін сақтайды.
5. Сертификаттау орталықтары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде құрылуы мүмкін.
6. Инжинирингтік қызметтер және сараптама жұмыстарын көрсетуге арналған сарапшылардың аттестаттары бар адамдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүргізу құқығына шарт жасасқаннан кейін сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтуге құқылы.
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мүшелігі (қатысуы) міндетті өзін-өзі реттейтін ұйым құрылған кезде мүшелігі (қатысуы) міндетті өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізіліміне енгізілген күнінен бастап он екі ай ішінде сертификаттау орталығын құруға тиіс.
8. Осы Кодексте пайдаланылатын "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификаты" деген сөздердің 2028 жылғы 1 шілдеге дейін "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестаттары" деген сөздермен мәні бірдей болады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы