Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 

     1. Жеке сот орындаушысы:

      1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;

      2) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;

      3) өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.

      Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;

      4) атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға, қаулыларды, актілерді, хаттамаларды және өзге де құжаттарды электрондық атқарушылық іс жүргізуге жүктеуге;

      5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;

      5-1) уәкілетті органның аумақтық органдарына, Республикалық палатаға, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына қаралатын шағым шеңберінде сұратылатын ақпаратты, оның ішінде атқарушылық іс жүргізуді ұсынуға;

      5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;

      6) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда – түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;

      7-1) адвокаттың сұрау салуы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғаушы немесе өкіл ретінде заң көмегін көрсетуіне байланысты қажетті мәліметтерді беруге;

      8) негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;

      9) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;

      9-1) өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен үш жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;

      9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайларда, атқарушылық іс жүргізулер мен архивті үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруге;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

      2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:

      1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;

      2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы