15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе)оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы Байланыс туралы Заңы
1. Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерін күзетуін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы өздерінің аумақтары шегінде:
1) радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғылардың санкциясыз пайдаланылуын анықтау және (немесе) жолын кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты қолданады;
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруды және оны қайта бастауды жүзеге асырады.
2. Байланыс операторлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы