15-26-бап. Қаржы өнімдерін ұсыну кезінде уәкілетті агенттердің қызметі үшін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жауапкершілігі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
Іс-қимылды қадағалау субъектілері уәкілетті агенттер арқылы қаржы өнімдерін ұсыну кезінде:
1) іс-қимылды қадағалау субъектінің ішкі құжатында белгіленген тәртіппен уәкілетті агенттердің тіркелімін жүргізуге;
2) уәкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсыну үшін қажетті кәсіби құзыретін қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті агенттердің қаржы өнімдерін ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және іс-қимылды қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы