Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Салық кодексі

15-бап. Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырудан түсетін кірістері, осы баптың 3-тармағында көзделген кірістер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құрайтын заңды тұлға әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым деп танылады. 

      2. Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады: 

       1) медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметтер көрсетуі, оның ішінде кешенді түрде медициналық қызметтер көрсетуі;  

      2) білім беру саласында: 

       білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қызметтерді көрсету;  

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 

      білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы жүзеге асыратын қосымша білім беру; 

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (ғылыми зерттеулер жүргізуді, зияткерлік меншік объектілерін пайдалануды, оның ішінде өткізуді қоса алғанда). 

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген кірістерге ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруға арналған қаржыландыру түріндегі кірістері де жатады; 

       4) спорт саласындағы қызмет;  

      5) мәдениет ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет саласындағы қызмет; 

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша қызметтер көрсету (ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда); 

      7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету; 

      8) кітапхананың қызмет көрсетуі; 

      9) дербес білім беру ұйымдарының: 

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім берудің мынадай деңгейлері: бастауыш мектеп (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қоса алғанда), негізгі мектеп, жоғары мектеп, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша; 

      қосымша білім беру жөніндегі қызметі; 

      ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметі (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда). 

      3. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсатында кірістердің мынадай түрлері де ескеріледі: 

      1) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоса алғанда); 

      2) құрылтайшыдан, қатысушыдан, мүшеден өтеусіз және қайтарымсыз негізде түсетін кіру жарналары, мүшелік жарналар және өзге де түсімдер; 

      3) депозиттер бойынша сыйақылар; 

      4) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. 

      4. Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетін тауарларды өндіру және өткізу жөніндегі қызметтен кірістер алатын ұйымдар жатпайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

15-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі. 

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      3. Салық органдарының, олардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің салық төлеушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауын талап етуіне тыйым салынады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы