Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару  4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару  4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару   4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы 

       1. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығаруға мыналар:  

1) уәкiлеттi органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, олардың банктік шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған банк лицензиясынан не операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруы;

      2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату; 

      3) қатысушы банктiң уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған банк лицензиясын ерiктi түрде қайтарып беруi; 

       4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.  

       2. Қатысушы банк:  

1) уәкiлеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан не банк операцияларының барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған кезде – уәкiлеттi органның осындай лицензиядан айыру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап;

       2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап;  

      3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап; 

      3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап; 

      3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап; 

      4) қатысушы банк уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияны ерiктi түрде қайтарған кезде - оның ерiктi түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органның шешiмi күшiне енген күннен бастап; 

       5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.  

       3. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiнен ол туралы ақпаратты алып тастау арқылы жүзеге асырылады. 

      4. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан уәкілетті органның айыруы, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негізі бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу не басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтаруға міндетті. 

      Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қайтаруға міндетті.

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы. 

      Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы