15-бап. Жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері мен иегерлерінің құқықтары мен міндеттері Жасанды интеллект туралы Заңы
1. Жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері мен иегерлері:
1) жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың шарттары мен шектеулерін айқындауға;
2) жасанды интеллект жүйелеріне өз құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері мен иегерлері:
1) жасанды интеллект жүйелерінің қауіп-қатерлерін басқаруды жүзеге асыруға;
2) жасанды интеллект жүйелеріне санкцияланбаған қол жеткізуден, олардың жұмыстарында болатын іркілістерден қорғауды қоса алғанда, осы жүйелердің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға;
3) жасанды интеллект жүйелеріне арналған құжаттама тізбесіне сәйкес жасанды интеллект жүйесінің жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне, құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке әсер ету дәрежесіне қарай оған арналған құжаттаманы жүргізуге;
4) жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушыларды қолдауды жүзеге асыруға;
5) пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйесінің пайдаланушы келісімімен оны пайдалану басталғанға дейін танысуға мүмкіндік беруге міндетті.
3. Меншік иелері мен иегерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие болады және өзге де міндеттерді орындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы