158-бап. Хронометраждық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Хронометраждық зерттеп-қарау – зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішінде салық төлеушінің нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында салық органы жүргізетін салықтық тексеру.
2. Хронометраждық зерттеп-қарау нәтижелері:
1) салықтық тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдаланылады;
2) кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындылары бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаларын есепке жазуды жүргізу кезінде ескеріледі.
3. Салық органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің тұрған жері бойынша шығарады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
158-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру аяқталған соң:
1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;
2) тексерудің түрі мен нысанын;
3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
4) салық органының атауын;
5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
6) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;
7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысы мен салықтық және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде);
9) тексерілетін кезеңді және тексеруді жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;
11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.
2. Салықтық тексеру актісі кемінде екі дана болатын санда жасалады, оған салық органының тексеру жүргізген лауазымды адамдары қол қояды.
3. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына қолын және оны алған күнін қоюға міндетті.
Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерінде болмауына байланысты оған салықтық тексеру актісін табыс ету мүмкін болмаған кезде осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізіледі. Бұл ретте салықтық зерттеп-қарау актісін жасау күні салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру актісін алудан бас тартқан кезде осы Кодекстің 71-бабында көзделген хаттама (акт) жасала отырып, салықтық тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.
Бұл ретте хаттама (акт) жасалған күн салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.
4. Егер салықтық тексеру аяқталған соң Қазақстан Республикасының салық заңнмасын, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылық анықталмаса, салықтық тексеру актісіне бұл туралы тиісті жазба жасалады.
5. Салықтық тексеру аяқталған күні салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша және (немесе) салықтық тексеруді жүргізу орны бойынша салық төлеуші (салық агенті) болмаған жағдайларда, салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.
6. Салықтық тексеру актісіне, осы Кодекстің 30-бабына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың қажетті көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелер өсімпұл есепке жазылмай және айыппұл санкциялары қолданылмай, салықтық тексеру актісіне қосымшада көрсетіледі.
Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы