16-бап. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттері мыналар болып табылады:
1) аквашаруашылық саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізу;
2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асырудың перспективалылығын айқындау және оларды паспорттау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін зерделеу және зерттеу;
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеу;
4) аквашаруашылық саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
5) аквашаруашылық объектілерін және олардың құртшабақтарын көбейту және (немесе) күтіп-бағу, өсіру бойынша инновациялық және (немесе) индустриялық технологияларды әзірлеу және (немесе) енгізу;
6) аквашаруашылық саласындағы ғылыми ұсынымдарды тұжырымдау;
7) аквашаруашылық саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ғылыми жұмыстарды жүргізу.
2. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми зерттеулер өздеріне бекітіп берілген аквашаруашылық субъектілерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы