16-бап. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу – азаматтарды бастапқы әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.
2. Жергілікті әскери басқару органдарына тіркелуге мыналар жатады:
1) он жеті жасқа толған ер азаматтар;
2) бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;
3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйел азаматтар.
3. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы