16-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Заңы
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес басқа банкке (басқа банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.
4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретiн қаражат мөлшерi кепiлдiк берiлген өтем ретiнде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169-III Заңы.
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы