16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт Күзет қызметі туралы Заңы
1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы тапсырыс берушіге тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.
2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы ретінде мынадай күзет қызметі субъектілері (осы Заңда қойылатын талаптарды ескере отырып) әрекет етуге құқылы:
1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) алып тасталды - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша тапсырыс беруші ретiнде жеке және заңды тұлғалар әрекет етуге құқылы.
4. Күзет қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілетін күзет қызметтерінің түрлері, сондай-ақ орындаушының күзет қызметтерін көрсетуге арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы N 85 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы