Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Мемлекеттік тапсырма Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

16-бап. Мемлекеттік тапсырма Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Мемлекеттік тапсырма Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру мемлекеттік тапсырма болып табылады.

      2. Мемлекеттік тапсырмаларға мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сай келетін тапсырыстар жатқызылуы мүмкін:

      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;

      2) қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды объектілерді, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;

      3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;

      4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттарға сай келмейтін мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға тыйым салынады.

      3. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін монополияға қарсы органның оң қорытындысы ескеріле отырып, бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты, осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері мен заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берген жағдайда, монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерлікке берудің көлемі мен шарттары айқындалады.

      Осы тармақтың ережелері басталған (жалғасатын) мемлекеттік тапсырмалар бойынша мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға қолданылмайды.

      4. Мемлекеттік тапсырманың құны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

      5. Мемлекеттік тапсырма нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында айқындалады.

      6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орындалуына республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырады және оны республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізеді.

      7. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капиталды ұлғайтпай жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік тапсырманы орындау республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмастан жүзеге асырылады.

      Осы баптың 2-тармағы бұзыла отырып жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді сот мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

      9. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілері мен заңды тұлғалар жыл сайын мемлекеттік тапсырманың орындалу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын оның орындалуы туралы есептілікті қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.

      10. Мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

      11. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманың орындалу барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      12. Осы Кодекстің 41-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылық республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, осы баптың 1-тармағында көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және заңды тұлғалардың бірінші басшыларына жүктеледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қаржы активтерімен операцияларға: 

      1) қаржы активтерін сатып алу; 

      2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер кіреді. 

      2. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

      3. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы